Диаспора

Тарихи атамекенінен басқа елдің аумағында тұрып жатқан этнос тобы. Мысалы, Қазақстандағы орыстар, украиндер, немістер, корейлер, ұйғырлар, тағы басқа.




Диаспора бір халықтың тарихи отанынан тыс жердегі жай ғана шоғыры емес, ол жеке, толыққанды институт ретінде бірнеше маңызды роль атқаруы керек:


— халықтың ұлттық болмысын сақтау, дамыту;


— экономика, бизнес бойынша өзара ықпалдастық;


— ұлт өкілдерінің әлеуметтік мәселелерін шешу;


— тұрып жатқан мемлекетіндегі халықпен тығыз байланыста болу.


Диаспораның өз өкілдерінің тілі мен мәдениетін дамытумен айналысатын әлеуметтік құрылымдары болады. 


Дүниежүзінде үш ірі диаспора бар: Қытайдан басқа жерде ұлты қытай 50 миллионнан астам, Үндістаннан басқа мемлекеттерде ұлты үнді 25 миллионнан астам, Ресейден басқа елдерде ұлты орыс 25 миллионнан астам адам тұрып жатыр.


2021 жылғы сәуірдің басындағы мәлімет бойынша Қазақстандағы халықтың 19%-ға жуығы – орыстар, 3,25%-ы – өзбектер, 1,47%-ы – ұйғырлар, 1,42%-ы – украиндер, 1,08%-ы – татарлар. Бұлар еліміздегі ең ірі диаспоралар деп есептеледі.


11/08/2021 15:39 5171 0

11/08/2021
15:39 5171 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление